Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Назарбаев Қытайға көңіл айту жеделхатын жолдады

04 Тамыз 2014, 17:03
0
Нұрсұлтан Назарбаев. ©Тengrinews.kz
Нұрсұлтан Назарбаев. ©Тengrinews.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің атына Юньнань провинциясының Чжаотун қаласында жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның құрбан болып және зардап шегуіне байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жеделхатта Қазақстан халқының Қытайда болған қайғылы жағдай туралы хабарды терең қасіретпен қабылдағаны айтылған. Мемлекет басшысы барлық қазақстандықтың атынан Цзиньпинге және марқұм болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айта отырып, орны толмас қайғыға ортақтасатынын жеткізді.

"Қытай халқына басқа түскен қайғыны өткеруге жігер тілеймін. Қолға алынып жатқан шаралар табиғи апат салдарын жоюға мүмкіндік береді деп сенемін", - делінген жеделхатта.

Еске салайық, жексенбі күні Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясында магнитудасы 6,1-ге тең жер сілкінісі болған еді. Зілзаланың эпицентрі Вэньпин елді мекенінен 11, Чжаотун қаласынан 29 шақырымда болған, соңғы мәлімет бойынша, апат құрбандарының саны 381 адамға дейін көбейді. Тағы 1,9 мың адам жарақат алды. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл зілзала - Юньнань провинциясында соңғы 14 жыл ішінде болған ең жойқын жер сілкінісі.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай