Назарбаев: Латынға өту - заман талабы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Шымкентте жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Шымкентте жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкенттегі №23 мектептің мұғалімі Анна Барышеваның сөзінен кейін латын әліпбиіне көшу мәселесі көтерілді. 3 тілді меңгерген педагогтың айтуынша, балаларға латын әліпбиіне көшу қиындық тудырмайды, себебі олар тілдерді 1-сыныптан бастап меңгереді.

"Латын әліпбиіне көшу қисынсыз мәселе емес, ол уақыт ағымы. Еңбекке қабілетті мемлекет жайлы айтқанда, мен еңбекке жарамды азаматтар жайлы айтамын. Халықаралық ағылшын тілін білу керек. Себебі барлығына сол тіл қажет. Мен түрлі қауіптер жайлы естіп жатамын. Бірақ біз кирилл қарпінен бас тартпаймыз. Біз орыс мәдениеті мен орыс тілін ұмытпаймыз. Орыс тілі арқылы әлемдік мәдениет жайлы білдік және орыс тілі үнемі бізбен болады. Біздің көршіміз әрдайым қасымызда және біз әрқашан бірге жұмыс істейтін боламыз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Президент үш тілділікті нығайту үшін еліміздің университеттерін ағылшын тіліне көшіру жоспарланып отырғанын айтты.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстан Президенті "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласында жыл соңына дейін латын әліпбиіне көшу жобасын даярлауды ұсынған болатын. "Мектеп қабырғасында балаларымыз ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйреніп жатыр. Сондықтан, жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмақ емес", - деген еді Мемлекет басшысы.

Латынға көшкеннен кейін кирилл қарпінде басылып шыққан кітаптардың тағдыры не болмақ?

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course down  584.15  course down  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro