27 мамыр 2014 11:34

Назарбаев Литва президентін қайта сайлануымен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото РИА Нұрсұлтан Назарбаев. Фото РИА

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Литва Республикасының Президенті Даля Грибаускайтеге президенттік лауазымға қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы құттықтауын Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан жолдады. Нұрсұлтан Назарбаев Даля Грибаускайтенің көшбасшылық мол тәжірибесі Литваның дамуына айтарлықтай серпін беретіндігіне сенім білдірді.

"Сіздің қайта сайлануыңыз достық және өзара түсіністік негізінде қалыптасқан екіжақты ынтымақтастықты әрі қарай нығайтуға септігін тигізетініне кәміл сенемін", - делінген жеделхатта.

Соңында Қазақстан Президенті Литва Республикасының Президентіне зор денсаулық, қажымас қайрат, аса жауапты қызметте табыс, ал достас Литва халқына бірлік пен бақ-береке тіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети