Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА-ның Мәжіліс депутаттығына ұсынған үміткерлері үшін дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бейбітшілік және келісім сарайынан, осы жерде бүгін Қазақстан халқы ассамблеясының кезектен тыс XXIII сессиясы өтіп жатыр.
Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА-ның Мәжіліс депутаттығына ұсынған үміткерлері үшін дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бейбітшілік және келісім сарайынан, осы жерде бүгін Қазақстан халқы ассамблеясының кезектен тыс XXIII сессиясы өтіп жатыр.
Бүгін ҚХА-ның барлық мүшелері Ассамблея Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Парламенттің төменгі палата депутаттығына үміткерлерге дауыс берді, оларды биыл 26 ақпанда Ассамблея кеңесі ұсынған. Сол кезде тоғыз үміткердің тізімі бекітілді:
Сауытбек Әбдірахманов - "Егемен Қазақстан" Республикалық газетi" АҚ президентi, ҚХА мүшесі.
Владимир Божко - ҚР Iшкi iстер министрiнiң орынбасары, ҚХА мүшесі.
Наталья Жұмаділдаева - Қызылорда облысы ҚХА Аналар кеңесiнiң төрайымы, ҚХА мүшесі.
Роман Ким - ҚР Парламенті Мәжілісінің V шақырылымының депутаты, ҚХА мүшесі.
Наринэ Микаелян - Армян этномәдени бiрлестiгiнiң төрағасы, ҚХА мүшесі.
Ахмед Мурадов - ҚР Парламенті Мәжілісінің V шақырылымының депутаты, ҚХА кеңесінің мүшесі.
Шаймардан Нурумов - Республикалық ұйғыр этномәдени орталығының төрағасы, ҚХА кеңесінің мүшесі.
Юрий Тимощенко - ҚР Парламенті Мәжілісінің V шақырылымының депутаты, ҚХА мүшесі.
Шакир Хахазов - Дүнген этномәдени орталықтары қауымдастығының басқарма мүшесi, ҚХА кеңесінің мүшесі.
Дауыс беру Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Өз дауысын Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов те берді.
Сонымен қатар, Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматулин, Астана әкімі Әділбек жақсыбеков дауыс берді.
Владимир Божко 26 ақпанда Мәжіліс депутаттығына үміткер ретінде ұсынылды.
Бүгін сайлауға ҚХА-ның шамамен 400 мүшесі қатысты, олар еліміздің түкпір-түкпірінен Астанаға келді. Дауыс берудің нәтижесі бүгін түске қарай жарияланады.
Айта кетейік, бүгін түнде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясының сайлауалды штабына барды. Қатысқандар жалпыұлттық экзит-полл қорытындысы бойынша жаңалықтардың шығарылымын қарап шықты, оған сәйкес "Нұр Отан" партиясы сайлаушылардың 82 пайызының даусына ие болды.
Қазақстан Президенті штабтағыларды тарихи жеңісімен құттықтады. "Алдын ала мәлімет бойынша, сайлаушылардың басым бөлігі "Нұр Отан" партиясына сенім білдірген екен - бұл халықтың жеңісі. Бүгін мен дауыс бергендердің барлығына алғыс айтамын", - деді Президент.
Айта кетейік, Exit poll мәліметінше, үш саяси партия 7 пайыздан жоғары дауыс жинап, ҚР Парламентіне өтті:
"Нұр Отан" - 82 пайыз;
"Ақ жол" демократиялық партиясы - 7,22 пайыз;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) - 1,21 пайыз;
Қазақстан коммунистік халық партиясы (ҚКХП) - 7,17 пайыз;
"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 2,5 пайыз;
"Бірлік" партиясы - 0,35 пайыз.
Сайлау 9840 учаскеде өтті, олардың 65-і шетелдердегі ҚР өкілдіктерінде ашылған. Сайлаушылардың тізіміне 9 791 165 кірді. 7 миллион 500 мың қазақстандық дауыс берді. Алдын ала мәлімет бойынша, қазақстандықтардың 77,1 пайызы дауыс берген.
Парламент Мәжілісі 107 депутаттан тұрады, олардың 98-і партиялық тізімнен, ал қалған тоғызын ҚХА ұсынады.