Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Кәрім Мәсімовті Қазақстан Республикасының Премьер-министрі қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылсын", - делінген жарлықтың мәтінінде.
Бұған дейін Серік Ахметовтің отставкаға кеткені хабарланған болатын. Кейін Мемлекет басшысы бұл қызметке Президент Әкімшілігінің жетекшісі Кәрім Мәсімовтің кандидатурасын ұсынды. Өз кезегінде Парламент Мәжілісінің бюросы бұл кандидатураға бірауыздан дауыс берді.
Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов 1965 жылы туған. Ол 2007 жылдың қаңтар айынан 2012 жылдың қыркүйегіне дейін ҚР Премьер-министрі қызметін атқарған болатын.