Назарбаев Мысыр басшысына көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Мысыр басшысына көңіл айтты © REUTERS

Мемлекет басшысы Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисиге көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
 
Жеделхатта Қазақстан Президентінің Бир әл-Абд қаласының мешітіндегі террорлық акт салдарынан көптеген адамның қаза болып, зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны айтылады.

"Қазақстан халқы және жеке өзімнің атымнан Сізге, сондай-ақ қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтастығымды білдіремін. Қайғылы оқиға кезінде зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін. Біз бейбітшілік пен қауіпсіздікке қарсы бағытталған экстремизм мен халықаралық терроризмнің кез келген түрін қатаң айыптаймыз. Елдеріміздің бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы күресте Қазақстан Мысырмен ынтымақтастықты жалғастыруға әрқашан дайын", - делінген жеделхатта.

Еске салайық, лаңкестер жұма намазы кезінде Әл-Ариш қаласының батысындағы мешітке басып кіріп, жарылғыш затты іске қосқан. Осыдан кейін мешіттен қашып шығып жатқан адамдарды атып тастап отырған. Соңғы мәліметтер бойынша, лаңкестік салдарынан 235 адам мерт болып, 130 адам жарақат алды. Куәгерлердің сөзінше, мешітте 500-дей адам болған. Мысыр прокуратурасы мешітке жасалған шабуылға қатысты тергеу бастады. Ауруханадағы жаралылардан куәлік алынып жатыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети