23 шілде 2016 17:04

Назарбаев Мюнхендегі қарулы шабуылға байланысты көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Германия Федералдық канцлері Ангела Меркельге көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
 
Жеделхатта Мемлекет басшысының 22 шілдеде Мюнхен қаласында болған қарулы шабуыл салдарынан жазықсыз адамдардың қаза болғаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны жазылған.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы және жеке өзінің атынан Ангела Меркельге, қаза болғандардың отбасыларына және жақындарына, сондай-ақ Германия халқына көңіл айтты.

Жұма күні кеште белгісіз біреу Мюнхендегі "Олимпия" ірі сауда орталығының маңында атыс шығарған еді. Соңғы мәлімет бойынша, қарулы шабуылдан 10 адам қаза тапқан. Жүздеген адам жарақат алған. Кейін шабуылдаған адам өлтірілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети