23 шілде 2016 10:11

Мюнхенде теракт болды: Бір адам бүкіл елді қалай шулатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жұма күні кеште белгісіз біреу Мюнхендегі "Олимпия" ірі сауда орталығының маңында атыс шығарды, - деп хабарлайды РИА Новости. Қаза болғандардың саны 9-ға жетті. Мюнхеннің құтқару қызметі қаладағы атыстан тағы 21 адамның жарақат алып, ауруханаға түскенін хабарлады. Оқиға болған жерлерде дәрігерлер жүздеген адамға алғашқы көмек көрсетті.


Жұма күні кеште белгісіз біреу Мюнхендегі "Олимпия" ірі сауда орталығының маңында атыс шығарды, - деп хабарлайды РИА Новости. Қаза болғандардың саны 9-ға жетті. Мюнхеннің құтқару қызметі қаладағы атыстан тағы 21 адамның жарақат алып, ауруханаға түскенін хабарлады. Оқиға болған жерлерде дәрігерлер жүздеген адамға алғашқы көмек көрсетті.

Мюнхен полициясы алдын ала нұсқа бойынша шабуылдаушының денесін тапты. Ол өз-өзіне қол жұмсаған, Мюнхен қаласының полициясы Twitter желісінде өз-өзіне қол салған адамның көшедегілерге шабуылдаған атқыш болуы мүмкін екенін айтып отыр. 


© AFP 2016/ dpa/Andreas Gebert

Полиция шабуылдаған адамның жалғыз болғанын айтып отыр. Ол Ираннан шыққан 18 жастағы жігіт екен. Оның неміс паспорты бар болып шықты. Алайда шабуыл жасаған адамның мотиві әзірше белгісіз.

Ал Желіде Мюнхендегі атыс делінген видео жария болды. Видеода ер адам Германияда туып-өскенін айтады. Кейін ол антитүрік бағытындағы нәсілшілдік ұрандар айқайлайды.

Осы уақытта Мюнхенде тұратын қазақстандық Tengrinews.kz тілшісіне қаладағы жағдайды баяндап берді. Оның айтуынша, оқиға қаланың орталығында болмаған. 

"Қала тып-тыныш, барлығына үйден шықпай отыруды ескертті. Жұма күні барлығы серуендейтін, бірақ үйлердің шамы жанып тұрғанын көріп отырмын. Вокзал қоршауға алынған, қоғамдық көліктер жүрмейді, такси жоқ. Жолдарда көліктерді тексеріп жатыр. Тікұшақтың даусы естіледі. Жергілікті БАҚ-тар басқа қалаларда полицейлердің тартылғанын хабарлап жатыр", - дейді Мюнхенде осымен 4 жыл тұрып жатқан ер адам.


© AFP

Ол оқиға кезінде бірқатар веб-сайттың жұмыс істемегенін айтып отыр. Осыған дейін Мюнхен полициясы тұрғындардан Интернетке атыстың суреті мен видеосын жария етпеуді сұраған еді, себебі бұл қылмыскерлерге жәрдемдесуі мүмкін екен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети