Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Назарбаев Нығматулин мен Көшербаевты орденмен марапаттады

15 Желтоқсан 2015, 10:31
4
© Egov.kz
© Egov.kz

Тәуелсіздік күні қарсаңында Президент жарлығымен азаматтардың бір тобы қоғамдық қызметі үшін мемлекеттік марапаттарға ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Олардың қатарында мәдениет, ғылым, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті қайраткерлері, өндіріс, бизнес саласының өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер, спортшылар, соғыс және еңбек ардагерлері бар.

"Отан" орденімен Ескендік Хасанғалиев марапатталды. "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденімен Президент Әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматулин және Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев марапатталды. І дәрежелі "Барыс" орденімен - Парламент Сенатының депутаты Мұхтар Алтынбаев, ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен - Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев марапатталды. 

Белгілі ғалымдар мен мәдениет, білім қайраткерлері, өндірістік сала өкілдерінің еңбегі "Парасат" орденімен атап өтілді, олардың арасында әнші Нұрлан Абдуллин, "Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры" РМҚК әртісі Лидия Кәден, "Назарбаев Университеті" ДББҰ президенті Катсу Шигео бар.

ІІ дәрежелі "Достық" орденіне "Қазақстан театр қайраткерлері одағы" РҚБ төралқасының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұлов, "Корё" Жамбыл облысының корейлер қауымдастығы" ҚБ президенті Лаврентий Кан, "Қазақстандық дүнгендер қоғамдастығы" ҚБ басқарма мүшесі Шакир Хахазов және басқалар ие болды. Тағы бірнеше қазақстандық "Құрмет" орденімен марапатталды.

"Еңбек Даңқы" орденінің алғашқы иегерлері болып өнеркәсіп, транспорт, құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа материалдық өндіріс салаларының 52 жұмысшысы мен еңбеккері атанды.

"Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы ғылым, мә­дениет және әлеуметтік са­ланың 50 көрнекті өкіліне берілді. Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен 326 адам марапатталды.

Әскери және қызметтік бор­ы­шын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайту кезінде көрсеткен ерлігі мен қажырлылығы үшін әскери қызметшілер, құқық қорғау органдары өкілдерінің бір тобы І және ІІ дәрежелі "Даңқ" орденімен, І, ІІ және ІІІ дәрежелі "Айбын" ордендерімен, "Ерлігі үшін" және "Жауынгерлік ер­лігі үшін" медальдарымен марапатталды.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (4)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай