Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Назарбаев ОАР президентін қайта сайлануымен құттықтады 02 маусым 2014, 16:26

Қазақстан Президенті Джейкоб Зума басқаратын партияның сайлаудағы жеңісі заңдылық екенін атап өтті.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Джейкоб Зума. ©Ma-zaika.ru Джейкоб Зума. ©Ma-zaika.ru

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Джейкоб Зумаға Оңтүстік Африка Республикасының президенті лауазымына қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

Джейкоб Зума басқаратын партияның сайлаудағы жеңісі заңдылық екенін атап өткен Қазақстан Президенті таяу уақыттарда ОАР әлеуметтік-экономикалық даму жолында бұдан да зор нәтижелерге жетіп, халықаралық аренада өз беделін нығайтатынына сенім білдірген.

"Қазақстан Республикасы Оңтүстік Африка Республикасымен арадағы байланыстарды әрі қарай тереңдетуге, екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастарды жаңа деңгейге шығаруға мүдделі", – делінген жеделхатта.

Құттықтау жеделхатының соңында Нұрсұлтан Назарбаев Джейкоб Зумаға мықты денсаулық, жауапты қызметінде табыс, ал достас ОАР халқына бақ-береке тілеген.


Join Telegram