Назарбаев "Оңай" жүйесі туралы ойын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев "Оңай" жүйесі туралы ойын айтты © Tengrinews.kz

Қазақстан Президенті Алматының қоғамдық көліктеріне "Оңай" электрондық билеттеу жүйесін енгізу туралы өз ойын айтты, сонымен қатар, ол қала орталығына көліктерді кіргізуді шектеу мәселесін шешуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысы бұл туралы Алматыны дамыту және 2017 жылғы Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың дайындығы жөніндегі жиналыс барысында айтты.

"(...) Қоғамдық көліктерді дамытып, қызмет көрсету деңгейін жоғарылатуды жалғастыру керек. "Оңай" электрондық билеттеу жүйесі, ондағы мәселелер туралы естідім. Мұндай жүйені енгізген соң, түсініксіз ештеңе болмайтындай етіп енгізу керек еді. Бұл жұмысты жалғастыру қажет", - деді Мемлекет басшысы. Айта кетейік, Алматы қоғамдық көліктерінде электрондық билеттеу жүйесі 11 қаңтардан бастап енгізілген еді.

Сонымен қатар, ол қалаға көліктерді кіргізуді реттеуді тапсырды.

"(...) Күн сайын қалаға көліктің ағылып келуін реттеу керек. 250 мың автомобиль қалаға кіреді. Оларды қалаға қалай жібермеу керек? Тәжірибелерді зерттеу керек. Кезінде Токиоға барғанда, демалған кезде темекі шеккендей болатын едің, қазір онда барсаң өзіңді жайлауда жүргендей сезінесің, қала таза. Лондон да бұл мәселені шешті. Бұл қалаға автомобильді аз жіберу мәселесін біз де шешейік", - деді Назарбаев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети