28 сәуір 2021 18:15

Назарбаев оппозиционерлерге: Тұрақсыздық жақсырақ па?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elbasy.kz Фото: elbasy.kz

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы тұрақтылық туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы тұрақтылық туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Осы жылдар бойы мен халық бірлігін, амандықты, үйлесімдік пен қауіпсіздікті, тұрақтылық пен тыныштықты бірінші орынға қойып келдім. Кейбір оппозициялық жолдастардың: "Ол үнемі тұрақтылық, тұрақтылық, бейбітшілік дей береді" деген сөзін естідім. Тұрақсыздық жақсырақ па? Біз тұрақсыздықтың не екенін көріп отырмыз. Революциядан революцияға, соғыстан соғысқа дейін. Ел де бұл ретте дамымайды, артта қалады. 

Сондықтан тұрақтылық пен бейбітшілік барлық адамға байланысты. Мен еліміз бейбітшіліктің эпицентрі болғанын, трагедия, қанды соғыстар, діни және этносаралық қақтығыстар болмағанын, балаларымыз қақтығыстарда қаза таппағанын қаладым. Мұндай бүкіл әлемде болып жатқанын көріп отырмыз. Арманым орындалды деп айтуға болады", - деді Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында.

Ол бұл ретте Ассамблеяның үлкен рөл атқарғанын атап өтті.

Оған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан өзінің тұрақтылығын мақтан тұтатынын айтты.

"Шынында да, тұрақсыздық - қақтығыстар, ал қанды қақтығыстар - жүздеген мың адамның қайғысы. Сондықтан да тәртіп бұзуға, тұрақсыздандыруға шақыратын жауапсыз адамдарды заңға және халықаралық міндеттемелерге сәйкес қатаң жауапқа тартамыз", - деді Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети