Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Назарбаев: Өз ұлтын өзгеден жоғары санау - аса үлкен күнә

24 Қыркүйек 2015, 12:39
4
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Әзірет Сұлтан" мешітіне барды және Қазақстан халқы мен бүкіл әлем мұсылмандарын Құрбан айт мерекесімен құттықтап, жамағатпен әңгімелесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл күні адамдар өкпе-реніштерін кешіріп, бір-біріне жақын бола түседі. Сондықтан мереке біріктіруші рөл атқарады. Біздің халқымыз Тәуелсіздік алғаннан кейін ислам дінімен қайта қауышты. Соның арқасында даму бағытындағы жолымызды жалғастыра отырып, бірлігіміз бен татулығымызды нығайттық", - деді Нұрсұлтан Назарбаев молданың намазынан кейін.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ қазіргі замандағы қақтығыстардың негізгі себептеріне де тоқталды. "Бұлар - ең бірінші жер аумағына байланысты даулар. Біз осындай дау тумауы үшін көрші елдермен уағдаластық арқылы шекарамызды бекіттік. Екінші - этносаралық қақтығыстар. Өз ұлтын өзгеден жоғары санау - аса үлкен күнә. Біз Қазақстанда көпұлтты халықтың бірлігін қамтамасыз еттік. Этникалық тегіне қарамастан, әркімді де құрметтей отырып, елдегі тұрақтылықты нығайттық", - деді Мемлекет басшысы.

Қақтығыстардың үшінші себебі, оның айтуынша - дінаралық қақтығыстар, мұны қазіргі уақытта бүкіл әлемнен байқауға болады. "Еліміздің мұсылмандары өз дінін ұстана отырып, өзгелерді құрметтейді. Соның негізінде біз халықтың бірлігі мен достығын қамтамасыз еттік. Сондықтан халқымызды өз дінінде мейірімділік пен қайырымдылық жолын таңдауға және өскелең ұрпақты осы бағытта тәрбиелеуге шақырамын", - деп қорытындылады Президент өз сөзін.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (4)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай