Назарбаев өзінің ең үлкен жетістігін атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев өзінің ең үлкен жетістігін атады © Тұрар Қазанғапов

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы ретіндегі қызметінің ең үлкен жетістігі деп қазақстандықтардың жас буынын айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы ретіндегі қызметінің ең үлкен жетістігі деп қазақстандықтардың жас буынын айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

"Мен көріп тұрған қазақстандықтардың жас буыны - бұл Қазақстанның ең үлкен жетістігі, Мемлекет басшы ретінде менің ең үлкен нәтижем. Мен бүгін сіздермен қауышқаныма өте қуаныштымын және Қазақстан Жастары жылымен құттықтаймын", - деді Президент Астанадағы салтанатты шара қатысушыларына. 

Оның айтуынша, бүгінде өмір сүру саласының барлық түрі өзгерді - білім алу, жұмыс, отбасы және адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы да өзгерген. 

"Бұл бүкіл әлемнің дамуына түбегейлі әсерін береді, әрине Қазақстан да одан қалыс қалмайды. Көз алдымызда  цифрлық қоғамы бар жаңа жаһандық өркениет - білім экономикасы туды. 

Менің буыным оқушы болған уақытта, бізде теледидар деген болмаған, радио енді пайда бола бастады, телефон деген атымен жоқ. Бұл қысқа уақыт. 100 жыл - бұл адамзат тарихы үшін түк те емес. Қалай өзгеріп жатқанын көріңіздер. Қазір 10 жыл ішінде өзгеріп жатыр. Еліміз осы уақыт сынына төтеп бере алатындай болуы керек", - деді Президент. 

Еске салайық, таяуда жастар жылының логотипі бекітілгені хабарланды. 

23 қаңтарда Астанада Қазақстандағы жастар жылының ресми ашылуы өтіп жатыр. Аталған іс-шара елімізде мемлекеттік жастар саясатын жан-жақты қолдау мен жүзеге асыруға бағытталған ауқымды іс-қимыл жоспарын іске асыруға бастау болмақ. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети