11 наурыз 2014 10:24

Назарбаев пен Обама Украина жағдайын талқылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ Президенті Барак Обама Украинадағы ахуал жайлы талқылап, өздерінің мәселені бейбіт жолмен шешуге мүдделі екенін қуаттады деп хабарлайды "РИА Новости" Ақ үйге сілтеме жасап. Диалогқа АҚШ вице-президенті Джо Байден және Испания мен Кипр басшылары да қатысты. Обама Нұрсұлтан Назарбаевпен әңгімелесуі барысында Қазақстанды Украина мәселесінің бейбіт шешімін іздеуде белсенді роль атқаруға шақырды. "Ел басшылары Ресей мен Украина арасындағы даудың бейбіт шешімін табуға жалпы мүдделілік танытты. Олар егемендік пен аумақтық тұтастық қағидаттарын ұстанудың маңызды екеніне келісті", - делінген Ақ үй таратқан хабарламада. Украинадағы ахуал Барак Обаманың Испания премьер-министрі Мариано Рахоймен және Джо Байденнің Кипр басшысы Никос Анастасиадиспен болған әңгімесі барысында да талқыланды. Тараптар Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын оның халықаралық түрде мойындалған шекарасы негізінде қолдауға әзір екендіктерін растады. Бұған дейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Украинадағы жағдай жөнінде Ресей Президенті Владимир Путинмен және Германия канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы әңгімелескен болатын. Путинмен сөйлесуі барысында Елбасы "Қазақстанның стратегиялық серіктес ретінде Украинадағы аз ұлттар құқығын қорғаушы, сондай-ақ өзінің қауіпсіздігіне мүдделі Ресейдің ұстанымына түсіністікпен қарайтынын" айтты. Мемлекет басшысы мүдделі тараптардың байыптылық танытатынына және жағдайды келіссөздер жолымен тездетіп қалпына келтіретініне үміттенетінін білдірді. Ал канцлермен әңгімелесуі кезінде ол украин дағдарысын барлық мүдделі тараптар арасындағы диалог жолымен, аумақтық тұтастықты қамтамасыз ету, сондай-ақ ортақ қатер мен ультиматумдардан бас тарту үшін халықаралық бітімгершіліктің ықтимал тетіктерін пайдалана отырып, дипломатиялық тұрғыда реттеудің маңызын атап өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети