Назарбаев пен Путин Таулы Қарабақтағы жағдайды талқылауды жалғастырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев пен Путин Таулы Қарабақтағы жағдайды талқылауды жалғастырды Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин. © Алексей Никольский\РИА Новости

Қазақстан Президенті Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин Таулы Қарабақтағы жағдайды талқылауды жалғастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Кремльдің ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин Таулы Қарабақтағы жағдайды талқылауды жалғастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Кремльдің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Армения мен Әзірбайжан басшыларымен телефон арқылы байланысудан кейін, Таулы Қарабақтағы жағдайды талқылау жалғасты. Владимир Путин ресейлік тараптан жасалатын аралық қадамдар жөнінде айтты", - делінген сайт хабарламасында. 

Сонымен қатар, мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың кейбір тұстары мен ЕАЭО аясында өтетін кездесулердің кестесі жөнінде сөйлесті.

Еске салайық, 6 сәуірде Назарбаев пен Путин Таулы Қарабақтағы жағдайды телефон арқылы талқылаған болатын. Ол кезде мемлекеттер басшылары Таулы Қарабақтағы жағдайға қатысты пікірлерін айтып, оны бейбіт түрде шешу жолдарын талқылады. Путин ресейлік тараптың жағдайды түзеу мақсатында жасап жатқан аралық қадамдары жайлы құлағдар етті. 

Айта кетейік, 1 сәуірден бастап Қарабақ қақтығысының аймағында атыстар басталған еді. Әзірбайжан мен Армения бір-бірін тату бітімді бұзды деп айыптады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети