10 қаңтар 2018 09:35

Назарбаев пен Трамп қашан кездеседі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Дональд Трамппен Вашингтонда 2018 жылдың 16 қаңтарында кездеседі, - деп хабарлайды РИА Новости Ақ үйге сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Дональд Трамппен Вашингтонда 2018 жылдың 16 қаңтарында кездеседі, - деп хабарлайды РИА Новости Ақ үйге сілтеме жасап.

"Президенттер өңірлік қауіпсіздік және экономикалық ынтымақтастық мәселелері бойынша стратегиялық серіктестікті кеңейту және нығайту жолдарын талқылайды", - делінген хабарламада.

Ақ үйдің мәліметінше, мұнымен қоса, Назарбаев пен Трамп халықаралық мәселелерді де талқылайды, әсіресе, Ауғанстанға қатысты мәселелер.

Мемлекет басшысының АҚШ-та 18 қаңтарға дейін болатыны айтылады.

Айта кетейік,  2018 жылдың 18 қаңтарында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қару қолдануды жаппай жоюға арналған брифингке қатысатыны хабарланған болатын.

Сондай-ақ, осыған дейін саясаттанушы Ерлан Қарин Назарбаев пен Трамп кездесуінің маңыздылығын айтқан еді. "Иә, Қазақстан өңірлік мемлекет болып саналады, дегенмен де Қазақстан түрлі халықаралық пікірталастарға белсенді түрде қатысып жатыр. Сондықтан да біздің президентіміздің Америка басшысымен кездесуі осы мәселенің өзектілігін арттыруға мүмкіндік береді", - деген еді Ерлан Қарин.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети