Назарбаев президент сайлауына қатысуға келісім берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясының XVI съезінде. ©Тұрар Қазанғапов Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясының XVI съезінде. ©Тұрар Қазанғапов

"Нұр Отан" партиясының XVI съезінде Қазақстан президенттігіне билік партиясы атынан кандидаттыққа үміткер ретінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Нұр Отан" партиясының XVI съезінде Қазақстан президенттігіне билік партиясы атынан кандидаттыққа үміткер ретінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Біз алға жылжуымыз қажет. Сондықтан мен алдымызда тұрған күрделі, жаңа міндеттерді іске асыру үшін өз кандидатурамды ұсыну жөнінде сіздермен келісетін болармын", - деді Назарбаев съезде. 

Съезге қатысушылар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтан кезектен тыс президент сайлауына өз кандидатурасын ұсынуды сұраған болатын. Әр аймақтан барлығы 11 делегат сөз сөйледі, олардың арасында қоғам қайраткері Кенжеғали Сағадиев, Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков және ақын Ақұштап Бақтыгереева бар. 

Бұған дейін Мемлекет басшысы өзінің кезектен тыс сайлауға қатысатыны туралы шешімді сәл кейінірек қабылдайтынын айтқан еді. Ал жуырда Ақордада Қазақстан қыз-келіншектерімен кездесуі кезінде: "Мен Тәуелсіздіктің бастауында тұрдым. Мүмкін, театрда айтатындай, декорацияны ауыстыратын кез келген шығар. Сингапурдың негізін қалаушы биліктен кеткенде, "неге кеттіңіз?" деп сұрадым. Ол "мен 31 жыл ел басқардым, соңғы кездері өзімді теледидардан қараған кезде, өзіме-өзім ұнамай қалдым. Мен айттым: "мүмкін, теледидар дұрыс көрсетпеген шығар?". Менде де сондай жоспар болды. Бірақ қазір халық сондай ниет білдіріп, құлшыныс, ауызбіршілік танытып жатыр. Бүгінде маған ары қарай не істеуі керектігі жөнінде Сіздермен ақылдасуға мүмкіндігім бар", - деп мәлімдеді. 

Кезектен тыс президент сайлауы 2015 жылдың 26 сәуірі күні өтеді. Қазіргі уақытта сайлауға қатысқандардың арасында лингвистика комиссиясы емтиханынан екі адам ғана өтіп тұр. Олар - өзін-өзі ұсынушы Лимана Қойшиева мен кандидаттыққа ҚКХП атынан ұсынылған Тұрғын Сыздықов

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro