19 наурыз 2016 13:36

Назарбаев Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жеделхатта Дондағы Ростов әуежайында Boeing жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан адамдардың қайғылы қазаға ұшырағаны туралы хабарды Қазақстан Президенті зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.

"Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қайғырып көңіл айтты", - делінген хабарламада.

Еске салайық, әуе апаты бүгін, Астана уақыты бойынша 19 наурызда сағат 6.50-де Ростов-на-Дону әуежайында болды. Дубайдан келе жатқан "Боинг-737-800" ұшып-қону жолағынан 100 метр жерге құлап, бөлініп кеткен де, кейін өртенген. Ұшақ бортында төрт баланың болғаны анықталды. Лайнердегі 55 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі түгелдей қаза тапты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети