08 ақпан 2016 16:15

Назарбаев Путинге телефон соқты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Кремль сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Кремль сайтына сілтеме жасап.

Әңгімеге қазақстандық тараптың бастама болғаны хабарланып отыр.

"Экономикалық тақырыпта, оның ішінде отын-энергетика саласындағы жағдай әңгіме өрбіді. Өңірлік саясаттың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасу болды. Екіжақты байланыс кестесі де қозғалды", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев энергетика министрі Владимир Школьникті қабылдап, мұнай-газ секторындағы және электр энергетикасы, қоршаған ортаны қорғау, атом салаларындағы ахуал мен министрліктің басқа да бағыттағы жұмыстары талқыланған болатын. Энергетика министрі мұнай өндірісін 77 миллион тоннаға дейін төмендету жөнінде биылғы жылға қарастырылып отырған көлемді кейін Қашаған кенішін іске қосу есебінен толтыру жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети