Назарбаев рақымшылық жасау туралы заңға жария түрде қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев рақымшылық жасау туралы заңға жария түрде қол қойды Видео кадры

Елбасы "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заңға жария түрде қол қойды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елбасы "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заңға жария түрде қол қойды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Нұрсұлтан Назарбаев рақымшылық жасау мемлекеттің ізгі ниетінің көрінісі  болып саналатынын айтты.

"Отандастарымызға қатысты жасалған осынау кешірім мен мейірім және үміт актісі қоғамды сауықтыруға мүмкіндік береді. Рақымшылық жасау шарасы әлеуметтік тұрғыдан осал адамдарды, атап айтқанда, кәмелетке толмағандарды, жүкті және балалары бар әйелдерді, мүгедектер мен қарттарды қамтиды", - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы елімізде Тәуелсіздік жылдарында 8 рет рақымшылық жасалғанын айтты.

"Рақымшылық 28 мыңға жуық азаматқа жасалады деп жоспарланып отыр. Бұл - ел Тәуелсіздігінің мерейтойы қарсаңындағы маңызды адамгершілік акциясы", - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев түзеу мекемелерінен 1500 адам босатылып, соның 80 пайызы пробация қызметінің бақылауында болатынын атап өтті.

"Бұлардың бәрі - өз азаматтарымыз. Олардың түзу жолға түсіп, қоғамнан орнын табуына мүмкіндік беру керек. Бәріміз оларға көмек көрсетуіміз қажет. Кешірім жасалғандар енді заңсыздыққа жол бермейді деп үміттенемін, - деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Тәуелсіздік жылдарында республикамызда заңнаманы ізгілендіру жолында ауқымды жұмыс атқарылғанын айтты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети