Президент рақымшылықпен босап шыққандарды оңалтуды тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент рақымшылықпен босап шыққандарды оңалтуды тапсырды

Президент рақымшылықпен босап шыққандарды оңалтуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақорданың сайтында Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017 - 2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясы жарияланды.

"Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді кешенді жүйесін қалыптастыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017 - 2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясы (бұдан әрі - Кешенді стратегия) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі орталық мемлекеттік органдармен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп:

1) 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін Кешенді стратегияны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін;

2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс", - делінген Жарлықта.

Еске салайық, кеше Нұрсұлтан Назарбаев рақымшылық жасау туралы заңға жария түрде қол қойған болатын. "Рақымшылық 28 мыңға жуық азаматқа жасалады деп жоспарланып отыр. Бұл - ел Тәуелсіздігінің мерейтойы қарсаңындағы маңызды адамгершілік акциясы", - деді Елбасы. 

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +23
Астана +19
Ақтау +26
Ақтөбе +23
Атырау +26
Б
Балқаш +21
Ж
Жезқазған +19
Қ
Қарағанды +20
К
Көкшетау +22
Қ
Қостанай +24
Қызылорда +21
П
Павлодар +21
Петропавл +25
С
Семей +27
Т
Талдықорған +29
Тараз +26
Түркістан +24
О
Орал +24
Ө
Өскемен +30
Ш
Шымкент +24

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер