Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Назарбаев Руссеффті Бразилия президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады

30 Қазан 2014, 00:31
0
Дилма Руссефф. REUTERS/Ueslei Marcelino©
Дилма Руссефф. REUTERS/Ueslei Marcelino©

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бразилия Федеративтік Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануына байланысты Дилма Руссеффке құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының атынан және жеке өз атынан жолдаған құттықтауында бұл жеңіс Д.Руссеффтің қоғамдағы беделінің, сондай-ақ Бразилияны әлеуметтік-экономикалық дамытуды және оның халықаралық аренадағы орнын нығайтуды көздеген саясатын қолдаудың жарқын дәлелі екенін атап өткен. "Қазақстан мен Бразилияның арасындағы достыққа негізделген өзара тиімді ынтымақтастық бұдан әрі де екі мемлекет халықтарының игілігі үшін дами беретіндігіне сенімдімін", – делінген жеделхатта.

Соңында Қазақстан Президенті Д.Руссеффке мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат, жауапты қызметінде табыс, ал достас Бразилия халқына татулық пен бақ-береке тіледі.

Еске сала кетейік, 26 қазан күні Руссефф Бразилиядағы президент сайлауының екінші кезеңі барысында 51,64 пайыз дауыс жинап жеңіске жеткен болатын.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай