10 қаңтар 2021 11:51

Назарбаев сайлау туралы: Бұл жай ғана келіп, дауыс беріп, кетіп қалу емес

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: © Тұрар Қазанғапов Сурет: © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сайлауға қатысудың маңызын атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сайлауға қатысудың маңызын атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрметті қазақстандықтар, отандастар. Бізде бүкіл ел бойынша маңызды саяси іс-шара өтіп жатыр, біз жергілікті мәслихаттар мен Мәжіліс депутаттарын сайлаймыз. Бұл жай ғана механикалық іс-шара емес - келіп, дауыс беріп, кетіп қалу емес, бұл әрбір азаматтың билік тармақтарын құруға қатысуының конституциялық міндеттерін саналы түрде орындауы.

Парламент, мәслихаттар еліміз, мемлекетіміз жұмыс істейтін тиісті заңдарды қабылдауға қатысады. Биыл - Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы. Соңғы 30 жылда көп нәрсе жасалды, сіздер оны жақсы білесіздер. Біз бірге, ұйымдаса, мақсатпен жұмыс істегеніміздің арқасында мемлекеттің негізін құрдық", - деді Нұрсұлтан Назарбаев сайлау учаскесінде баспасөзге шыққан кезде.

Еске салайық, бүгін Қазақстан бойынша Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау басталды. Онлайн трансляцияны мына сілтеме арқылы көруге болады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети