11 қаңтар 2017 17:45

Назарбаев Шөкеевті қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық Қазына" АҚ басқарма басшысы Өмірзақ Шөкеевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.


ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық Қазына" АҚ басқарма басшысы Өмірзақ Шөкеевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Мемелекет басшысы қордың 2016 жылғы даму көрсеткішімен танысты. 

"Самұрықтың" барлық даму көрсеткіштері жақсы. Биыл таза пайда былтырғы жылмен салыстырғанда 85 пайызды құрады. Жекешелендіру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Тізімдегі 217 нысанның 120-сы баланстан шығарылды. Алғашқы тізім бойынша 70 пайыз сатылды деуге болады. Екінші тізім бойынша 11 нысан, олар "ҚТЖ", машина жасау. Қалғандары - Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облысындағы АЭК және Ақтөбе облысындағы ЖЭО. Қазір олар сатылу үстінде. Өтінімдер қабылданып, комиссия тексеріп жатыр", - деп баяндады Шөкеев Мемлекет басшысына.

ҚР Президенті Өмірзақ Шөкеевтен Қазақстандағы электрстанция туралы сұрады. 

"Бізде ірі электрстанциялар - СЭС 2, Ресеймен 50 де 50 болып басқарылады. Екіншісі, СЭС 1. Біз жұмыс істеп жатырмыз. Онда жаңа блоктар іске қосылды. Басқа СЭС-тер жұмыс істеп тұр", - деді Шөкеев.

Кездесу соңында бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети