05 мамыр 2015 | 16:36

Назарбаев "шіріген байларға" үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті кезекті рет мүлікті заңдастыру мәселесін көтерді. Ол қалталы азаматтарға кіріс пен шығыстың міндетті декларациясы енгізілгеннен кейін ешкімнің еркіне жіберілмейтінін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті кезекті рет мүлікті заңдастыру мәселесін көтерді. Ол қалталы азаматтарға кіріс пен шығыстың міндетті декларациясы енгізілгеннен кейін ешкімнің еркіне жіберілмейтінін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кіріс пен шығыстың жалпыға бірдей декларациясы енгізілгенге дейін біз мүлікті заңдастыруға мүмкіндік беріп отырмыз. Мен бұған дейін де бірнеше рет айттым, қазір де айтқым келеді: не адамдар түсінген жоқ немесе біз бұл заңды нашар құрастырдық, не болмаса олар мұны ойыншық деп ойлайды. Біз кіріс пен шығыстың жалпыға бірдей декларациясы қарсаңында тұрмыз. Бұл - шіріген байлар мен өте кедей адамдарды болдырмай, теңестіруге апаратын жол. Барлығына не үшін сатып алғаны, не үшін сатқаны және ақшаны қайдан алғаны туралы есеп беруіне тура келеді. Осыған дейін біз бәрін тазартқымыз келеді, заңдастыруды жарияладық. Кім дөң астына ақша тықса, сол дөң астында ешқандай құпияның жоқ екені түсінікті емес пе, тізімнің барлығы жарияланады, ақшасын тыққандар сатады, одан да Отандарыңа әкеліп, осында пайдаланыңдар", - деді Назарбаев Ақордадағы үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында.

Ол құқық қорғау органдарының тарапынан ешқандай қудалаудың болмайтынын мәлімдеді.

"Яғни, енді ешкімді еркіне жіберу болмайды. Біздің қудалағымыз, қамағымыз келмейді. Ал осыдан кейін бүкіл әлемнен тауып алып, Астанаға қайтарамыз және ол жақта сендерді ешкім аяп, сендер үшін ештеңені жасырмайды", - деді Президент.

Сонымен қатар, ол шараға қатысты сенімсіздік болмас үшін заңнама тарапынан кейбір мәселелерді қайта қарау керегін айтты.

"Осыған дейін біз Қазақстан азаматтарына пәтер сатып алуға, коттедж тұрғызуға рұқсат бердік, бірақ ешқайсынан ақшаны қайдан алдың деп сұраған жоқпыз. Қазақстан бойынша ондай үйлер қаншама салынды, енді салық төлеулері тиіс. Бұл жерде жалпы қазандағы байлар қатысының мәнісі де сонда, бюджетті толтыру", - деді Мемлекет басшысы.  

Ол Батыстың бір жерінде діннің астамдыққа тыйым салғанын айтты. "Бізде ондай тыйым жоқ, ал бұл (мүлікті заңдастыру - Автор.) сол ережені орындату бола алады. Дін астамдыққа тыйым салған, сатып алып, масаттанғанша, олар ақшаларын дамуға салды және ел дамыды. Біз де, жетер енді, 20 жыл, тыныш өмір сүру қалпына дағдыланумыз керек", - деді Президент. Ол Қаржы министрлігіне мүлікті заңдастыру одан әрі тартымды болуы үшін ұсыныстарын енгізуді тапсырды.

Еске сала кетейік, 29 сәуірде Астанада Президентті ұлықтау рәсімі өтті. Осыдан кейін Мемлекет басшысы министрлер кабинетінің өкілеттігін доғаруға байланысты "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" жарлыққа қол қойды. Сонымен қатар, облыс әкімдері және Астана мен Алматы қалаларының басшылары отставкаға кетіп, Президентке тікелей бағыныстағы және оған есеп беретін мемлекеттік органдар басшыларын қызметінен босатылды. Кейін Мемлекет басшысы премьер-министр қызметіне Кәрім Мәсімовты ұсынды. Бұдан кейін Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттары премьер-министрлікке ұсынылған Кәрім Мәсімовтің кандидатурасын мақұлдаған болатын. Кейін қазақстандық үкіметтің құрамы өзгеріссіз қалыпта жұмысынын жалғастыратыны белгілі болды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети