29 сәуір 2015 17:56

Назарбаев Шүкеновтің қазасына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Шүкеновтің қазасына байланысты көңіл айту хатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Назарбаев Шүкеновтің қазасына байланысты көңіл айту хатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Жеделхатта  Батырхан Шүкеновтің өзінің дарынының, жоғары орындау шеберлігінің және жеке қасиеттерінің арқасында миллиондаған тыңдарманның жүрегін жаулағаны айтылады.

"Мұндай адамның мезгілсіз қайтыс болуы бәріміздің де өкінішімізді туғызады. Оның жарқын аты, сонымен қатар, оның орындауындағы туындылар халқымыздың жадында мәңгі сақталады", - делінген хабарламада.

Осыған дейін әнші Батырхан Шүкеновпен қоштасу рәсімінің өткені хабарланған болатын. Ал оның алдында әншінің 52 жасында Мәскеуде қайтыс болғаны хабарланды. Ол жүрек талмасына ұшыраған. Оның ағасы Бауыржан Шүкеновтің айтуынша, орындаушының соңғы кезде денсаулығы нашарлай түскен. Батырхан Шүкенов 1962 жылы 18 мамырда Қызылордада дүниеге келген. Мансап жолын ол белгілі әнші Роза Рымбаеваның саксофоншысы ретінде бастаған. 1988 жылы өзі құрған А'Студио тобының фронтменті болады, ал бір жылдан кейін "Джулия" деп аталатын хит әні шығады. Танымалдылық бұл топқа Алла Пугачевамен бірге "Рождественские встречи" байқауына қатысқаннан кейін келеді. Батырхан Шүкенов А'Студио тобынан 2000 жылы кетіп, жеке өнер көрсете бастайды. 2015 жылы "Россия 1" телеарнасының "Один в один" шоуына қатысып жатқан болатын.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети