Қазақстан Президенді Нұрсұлтан Назарбаев Сочиге Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сапар аясында Елбасы Қазақстан мен Ресейдің XII өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады. Форумның негізгі тақырыбы - агроөнеркәсіп кешені саласындағы ынтымақтастық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинмен, сондай-ақ Свердлов облысының және Урал федералдық университетінің басшылығымен кездеседі.