18 ақпан 2014 15:41

Назарбаев статистиканың шынайы болуы керектігін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақорда. ©Нұрғиса Елеубеков Ақорда. ©Нұрғиса Елеубеков

ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа сала қызметінің 2013 жылғы қорытындылары мен жұмыстың алдағы кезеңдегі перспективалық бағыттары жөнінде айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Мемлекет басшысы негізді мемлекеттік шешімдер қабылдау үшін сенімді статистикалық деректер қажеттігін атап өтті, сондай-ақ қайталанатын статистикалық ақпараттар жинақтауды одан әрі қысқартуға назар аударды", - делінген хабарламада. "Еліміздің экономикалық дамуы үшін сенімді статистикалық деректер, атап айтқанда, еңбек өнімділігі, жұмыспен қамту деңгейі және тағы басқа сияқты көрсеткіштерді дер кезінде ұсыну аса маңызды. Осының бәрі мемлекеттік органдардың жұмысын және мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуының тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді", – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті заманауи ақпараттық технологияларды мемлекеттік статистикаға одан әрі енгізіп, методикалық және методологиялық базаны жетілдіру арқылы оның сапасын арттыру қажеттігін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев халық пен бизнес үшін ашық саясат ұстанудың, мемлекеттік статистиканы қолжетімді етудің маңыздылығына, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен заңнаманың статистика бөлігіндегі негізгі ережелерді түсіндіру бойынша жұмысты одан әрі жүргізудің мәні зор екеніне де тоқталды. Әлихан Смайлов агенттік өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму рейтингісін жасап жатқанын, онда құжат айналымын азайту мақсатында есептілік көрсеткіштері екі есе қысқартылғанын айтты. Кездесу соңында Мемлекет басшысы оған бірқатар нақты тапсырма берді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети