03 қазан 2017 11:09

Назарбаев Трампқа жеделхат жолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трампқа көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трампқа көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Лас-Вегас қаласында болған атыс салдарынан көптеген адамның қазаға ұшырағаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Біз осынау сын сағаттарда АҚШ халқымен бірге екенімізді жеткізгім келеді. Жеке өзімнің және барша Қазақстан халқының атынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ достас Америка Құрама Штаттарының халқына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін", - делінген жеделхатта.

Еске салайық, 1 қазанда Лас-Вегастағы музыка фестивалінде атыс шығып, 59 адам қаза тапқан, тағы 500-ден аса адам зардап шеккен. Фестивальде оқиға кезінде 22 мыңдай адам болыпты.

Қырғын жасағаннан кейін ер адам өзіне қол жұмсаған, ал полиейлер нөмір ішінен сегіз дана қару тапқан. KNTV телеарнасы атқыштың қаруды екі платформаға орнатқанын анықтапты. Сонымен қатар, ол полицейлердің қалай келіп жатқанын камера арқылы көріп отырған. Лас-Вегастағы қырғын АҚШ тарихында адам өлімі ең көп тіркелген оқиға болып отыр. Мұның алдында 2016 жылдың 12 маусымында Орландода болған қырғын рекорд жаңартқан еді. Сол кезде Pulse гей-клубында 49 адам өліп, 53-і жарақат алған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети