Назарбаев Түркияға келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Түркияға келді ©tengrinews мұрағатынан

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркияға келді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркияға келді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

"Нұрсұлтан Назарбаев Түркияға келді", - деп хабарлады Ақорданың Twitter-дегі ресми аккаунты. Сапардың негізгі мақсаты - Түркия президентін ұлықтау рәсіміне қатысу.  Назарбаев Түркияға Минск қаласынан ұшып келді. Күні кеше ғана ол жақта Кедендік одақ елдері мен Украина президенттері, сондай-ақ Еуропалық одақ өкілдері қатысқан саммит өтті.  

Айта кеткен жөн, Түркиядағы президенттік сайлау тамыздың 10-ы күні өткен болатын. Ел тарихында алғаш рет президентті жалпыхалықтық сайлау арқылы таңдады. 1923 жылдан бері оны парламент сайлап келген. Осы жолғы сайлауда премьер-министр Реджеп Тайып Ердоған жеңіске жетті. Ол барлық дауыстардың 52,1 пайызына ие болды. Оның қарсыластары - Ислам конференциясы ұймының экс-басшысы Эхмеледдин Ихсаноғлы - 38,8 пайыз, ал Демократия мен бейбітшілік партиясының тең төрағасы Салахаттин Демірташ  дауыстың 9,1 пайызын жинады.  Жалпы, сайлауға дауыс берушілердің 76 пайызы келді. Бұл - 38,7 миллион адам. 

Сайлаудан кейін Назарбаев Ердоғанды құттықтап, оның Түркияның өсіп-өркендеуіне қосқан үлесін ерекше атап өтті. "Қазақстан мен Түркия арасындағы бауырластық байланыстар стратегиялық ынтымақтастық деңгейінде күшейе түседі деп білемін", - деді Президент өзінің құттықтау хатында.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети