26 тамыз 2014 15:47

Назарбаев Украинадағы ахуалды талқылау үшін Минскіге келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ренат Ташқынбаев ©Ренат Ташқынбаев

Нұрсұлтан Назарбаев Минскіге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Беларусь астанасынан.


Нұрсұлтан Назарбаев Минскіге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Беларусь астанасынан.

Мемлекет басшысы "еуразиялық үштік" елдері жетекшілерінің Украина президенті Петр Порошенкомен және Еуропалық одақ өкілдерімен кездесуіне қатысады. Еуропалық одақ өкілдері арасында ұйымның шетел істері және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі, ұйым төрағасының орынбасары Кэтрин Эштон, Еуропалық одақтың энергетика мәселелері жөніндегі жоғарғы өкілі, одақ төрағасының орынбасары Гюнтер Эттингер және Еуропалық одақтың сауда жөніндегі жоғарғы өкілі Карел де Гухта бар.

Бұған дейін бүгінгі саммитте Украина мен Еуроодақ арасындағы қауымдастық туралы келісімді орындауға, энергетикалық қауіпсіздікке және Донбастағы ахуалды тұрақтандыруға байланысты мәселелер талқыланатыны хабарланған еді. Сонымен бірге, Минскіде Кеден одағы елдері жетекшілері Петр Порошенкомен бірге ұйымның Киевпен өзара әрекеттесуі туралы талқылайды. 

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі шетелдік ақпарат құралдарына берген сұхбатында Минскіде жүргізілетін келіссөздердегі Нұрсұлтан Назарбаевтың ролі туралы айта отырып, "Қазақстан Ресей, Украина және Батыс арасындағы қатынастарды реттеуге, оны өркениетті, халықаралық деңгейде мойындалған шеңберге көшіруге бағытталған жұмыстарды жүргізіп отырғанын және оны жалғастыратынын" айтты.

"Нұрсұлтан Назарбаевтың белсенді ұстанымының және дипломатиялық күш салуының арқасында Қазақстан Донецк және Луганск облыстарындағы қарулы қақтығыстарды бәсеңдетуге бағытталған бейбіт бастамаларды қолдайды", - деп мәлімдеді ҚР Сыртқы істер министрлігі. Сонымен бірге, Женевада және Берлинде министрлер деңгейінде қабылданған уағдаластықтардң "бейбітшілік пен тұрақтылықты жылдам қалпына келтіру жөніндегі практикалық шешімдерге қол жеткізуге жақсы негіз болатыны" да айтылды.

Айта кетейік, қазақстандық саясаттанушы Ерлан Қарин Минскіден соң сондай кездесуді тағы өткізудің қажеттілігі туатынына сенім білдірді. Ендігі жолы барлық мүдделі тарапты Астана қабылдауы мүмкін. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети