Қазақстан мен Түрікменстан екі ел арасындағы шекара мәселесін шешетін стратегиялық серіктестік жайлы келісімшартқа қол қояды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедовпен өткен кездесуде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін біз Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық серіктестік жайлы маңызды келісімшартқа қол қойып жатырмыз. Осы келісімшарт арқылы дамудың жаңа кезеңіне өтіп жатырмыз. Екі ел арасындағы шекара мәселесін шешіп жатырмыз. Осы екі мемлекет шекараға қатысты ешқандай проблемалары болмайтын елдер болып саналады", - деді Назарбаев кездесу барысында.
Мемлекет басшысы Түрікменстан халқын ынтымақтастықты орнатқандарына 25 жыл толуымен құттықтап, ширек ғасырда екі ел арасында өзара сенім мен қолдаудың болғанын айтып өтті.
"Түрікменстан біз үшін маңызды серіктес және Қазақстанның одақтасы. Біздің елдің халқы - бауырларымыз, мейірімді көршілеріміз. Бізді баяғыдан бері тарихи түп-тамырымыз, тіліміз және дініміз байланыстырады. Екіжақты қарым-қатынас транзиттік-көлік және энергетикалық салаларды дамытып жатыр және басқа облыстарыздың да болашағы бар", - деді Назарбаев.
Сондай-ақ, Түрікменстан президенті осы сапары барысында халықаралық саясатқа қатысты мәселелерді талқылап, өңірлік серіктестік пен оның келешегі жайлы талқылағысы келетінін айтып өтті.
Еске сала кетейік, бүгін, 18 сәуірде Назарбаев Ақордада Түрікменстан президент күтіп алған болатын. Мемлекет басшысы Астанаға ресми сапармен келген Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедовпен кездесуде түрікмен халқын ең жақын көрші деп атаған еді.