Мемлекет басшысы Украина президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Украина президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Президенттер әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен келешегін, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады", - делінген хабарламада. Сонымен қатар, Петр Порошенко Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруімен құттықтады.
Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, телефон арқылы сөйлесуге украин жағы бастамашылық етті.
Еске сала кетейік, 27 шілдеде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Роберто Азеведо республиканың ДСҰ-ға мүше болуы жөніндегі хаттамаларға қол қойған болатын. Осылайша Қазақстан ДСҰ құрамына ресми түрде кірді.