27 шілде 2015 21:55

Қазақстан ДСҰ-ға ресми түрде мүше болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Reuters ©Reuters

Дүйсенбі күні, 27 шілдеде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Роберто Азеведо республиканың ДСҰ-ға мүше болуы жөніндегі хаттамаларға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Осылайша Қазақстан ДСҰ құрамына ресми түрде кірді.


Дүйсенбі күні, 27 шілдеде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Роберто Азеведо республиканың ДСҰ-ға мүше болуы жөніндегі хаттамаларға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Осылайша Қазақстан ДСҰ құрамына ресми түрде кірді.

Жалғасы

© Reuters

Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздер өткен аралықта Қазақстан экономикасының құрылымы айтарлықтай өзгерді. "Экономика мейлінше қуатты әрі ашық бола түсті. Жан басына шаққандағы ІЖӨ 18 есе ұлғайып, Орталық және Шығыс Еуропа деңгейіне жетті. Сыртқы сауда көлемі 120 миллиард доллар деңгейіне шықты. Біздің сыртқы сауда айналымымыздың 90 пайыздан астамы ДСҰ-ға мүше елдерге тиесілі. Сауда қарым-қатынастарының географиясы едәуір өзгерді. Қазақстанның сауда байланыстары 90-жылдардың ортасында бұрынғы кеңестік кеңістік елдерімен ғана жүргізілсе,  бүгінде біз әлемнің 185 мемлекетімен сауда-саттық жасап отырмыз", - деді Мемлекет басшысы.

© Reuters

Соңында Мемлекет басшысы  еліміздің еркін сауда және ашық ықпалдастық қағидаттарына берік екенін айтты. "Қазақстан аз уақыттан соң ДСҰ нормаларымен жұмыс істей бастайды. Дейтұрғанмен, біз кедергілерді жойып, ашық ынтымақтастық қағидаттарын ілгерілетіп, өңірлік ықпалдастық локомотиві бола отырып, экономикалық саясатымызды әуелден-ақ "ДСҰ рухында" құрып отырмыз.  Бұл Ұйымның мүшелері арасында сауда-саттық кезіндегі кемсітуге жол бермеу - ДСҰ-ның басты қағидаты. Экономиканы саясатпен араластыратын санкциялық саясат саудаға кедергі келтіреді және ДСҰ қағидаттарына сай емес. Мұндай жайтты болдырмау біздің ортақ міндетіміз деп ойлаймын. Сіздерге бірлескен еңбектеріңіз үшін тағы да алғыс айтып,  біз Ұйымның барлық мүшелерінің мүддесі, экономикаларымыз бен халықтарымыздың игілігі үшін ДСҰ аясындағы алдағы жұмысқа дайын екенімізге сендіргім келеді", - деді Қазақстан Президенті.

© Reuters

Өз кезегінде ДСҰ бас директоры Роберто Азеведо еліміздің Ұйымға кіру үдерісі барысындағы Қазақстан Президентінің көшбасшылығына жоғары баға берді. "Бұл - Қазақстан үшін де, ДСҰ үшін де шынымен тарихи күн.  Ұйымға кірудің артықшылықтары - жаңа жұмыс орындарын ашу, халықтың табысын арттыру, тұрмыс деңгейін жақсарту.  Қазақстан үшін бұл сіздердің соңғы жылдары қол жеткізген жетістіктеріңіз бен жұмсаған күш-жігерлеріңіздің мойындалуы. Бұл - реформалардың кешенді бағдарламасының қисынды нәтижесі, Қазақстанның бизнес үшін ашық екені туралы бүкіл әлемге жолдауы. Бұл күн ДСҰ үшін де айшықты болып табылады. Қазақстанның қосылуы біздің пікірталастарымызға қуатты әрі беделді үн қосады, Ұйымды Орталық Азияның жүрегіне жақындатады", - деп атап өтті Азеведо.

© Reuters

Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі туралы келіссөздердің аяқталғаны 22 маусымда жарияланды. Сол кезде Қазақстан Президенті Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу біздің экономикамызды жаңа көкжиектерге бастайтынын айтты. "Кәсіпорындарымыздың шетел нарықтарына шығуын қамтамасыз етеді. Ал тұтынушылар үшін тауарлар мен қызметтердің кең ауқымына таңдау жасауға жол ашады. Бүгінде сауда-саттығымыздың 90 проценті Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдерге тиесілі. Қазақстан шетелдік инвесторлар мен серіктестер үшін бұрынғыдан да тартымды бола түседі. Жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын ашуға мүмкіндіктер туады", - делінген Мемлекет басшысының үндеуінде.

© Reuters

Кейін "Атамекен" кәсіпкерлердің ұлттық палатасы төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруінің артықшылықтарын айтып берді.

"Ең кемі маңызды екі артықшылығы бар. Біріншіден, Мемлекет басшысы айтқандай, біз сауда-саттық жасайтын елдердің 90 пайызы осы ұйымға кірген. Сондықтан да қандай да бір мәселе болған кезде біздің компаниялар халықаралық механизмдер мен сауда мәселелерін шешу жөніндегі институттарға мүмкіндік алады. Екіншіден, ДСҰ - Қазақстанға сауда-саттықтың жалпы және заманауи талаптарын сақтауға көмектесетін халықаралық қауымдастық. Қандайда бір түсініспеушілік туындаған кезде оны ДСҰ ережелеріне сәйкес шешуге болады. Осылайша, біздің ДСҰ-на мүше болуымыз шетелдік инвестицияларды тартуға бастама болады", - деді Ошақбаев.

Еске сала кетейік, ДСҰ-ға мүше болуға өтінішті 1996 жылдың 29 қаңтарында берді. Ұйымға кірудің шарттары туралы келіссөздер 19 жылдан астам уақытқа созылды.

 
Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети