Назарбаев Украина президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Украина президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті Нұрсұлтан Назарбаев пен Петр Порошенко. © Tengrinews.kz мұрағатынан

Мемлекет басшысы Украина президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Украина президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Президенттер әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен келешегін, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады", - делінген хабарламада. Сонымен қатар, Петр Порошенко Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруімен құттықтады. 

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, телефон арқылы сөйлесуге украин жағы бастамашылық етті.

Еске сала кетейік, 27 шілдеде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Роберто Азеведо республиканың ДСҰ-ға мүше болуы жөніндегі хаттамаларға қол қойған болатын. Осылайша Қазақстан ДСҰ құрамына ресми түрде кірді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети