27 желтоқсан 2019 11:09

Назарбаев ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы маңында Bek Air ұшағының құлап, қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы маңында Bek Air ұшағының құлап, қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Алматы әуежайынан ұшып шыққан Bek Air әуеакомпаниясы ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы хабарды ауыр күйзеліспен қабылдадым. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын, ал зардап шеккендердің барлығы тез арада сауығып кетуін тілеймін", - делінген жеделхатта.

Осыған дейін, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында Bek Air ұшағының құлауы кезінде қаза тапқандардың отбасына көңіл айтқан болатын

2019 жылы 27 желтоқсанда сағат 07:22-де Bek Air әуе компаниясының № Z2100 Алматы - Нұр-Сұлтан бағытындағы рейсі ұшу кезінде биіктікті жоғалтып, бетон қоршауға соғылған. Нәтижесінде екі қабатты ғимаратпен соқтығысқан. Бірден құтқару жұмыстары басталды, өрт шыққан жоқ. 

Қаза тапқандардың саны - 14. Премьер-министрдің тапсырмасымен Үкімет комиссиясы құрылды, оны вице-премьер басқарады. Комиссия құрамына индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі және басқа мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді. Комиссия оқиға орнына барады. Оқиғаның нақты мән-жайы мен себептері анықталады. Апат жағдайлары анықталғанға дейін осы типтегі әуе рейстері уақытша тоқтатылады. 

Еске салайық, бүгін таңда Алматыдан елордаға ұшып шыққан Bek Air ұшағы биіктік жоғалтып, әуежайдан ұшып шыққан бетте құлаған. Бортта 95 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әуе апаты салдарынан 7 адам қаза тапқанын мәлімдеген. Кейін желіде құлаған ұшақтың суреттері тарала бастады. Артынша Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті ұшағы құлағаннан кейін шұғыл желі ашылғанын хабарлаған.  Тоқаев әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтқан болатын. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети