12 қыркүйек 2017 18:39

Назарбаев Юрий Пяны қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Юрий Пяны қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Юрий Пяны қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Астанада өткен Дүниежүзілік жүрек-қан тамырлары және торакальды хирургтер қауымдастығы 27-ші конгресінің отандық медицинаны дамытудағы маңызы ерекше болғанын атап өтті.

"Қазақстанда алғаш рет бүкіл әлем кардиохирургтарының конгресі ұйымдастырылды. Бұл отандық хирургия жетістіктерінің әлемдік деңгейде мойындалып отырғанын білдіреді", - деді Елбасы.

Юрий Пя Нұрсұлтан Назарбаевқа мыңнан астам шетелдік делегаттар қатысқан конгрестің қорытындылары туралы баяндады.

"Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» акционерлік қоғамы басқармасы төрағасының мәліметі бойынша, Дүниежүзілік қауымдастықтың атқарушы комитеті бұл конгресті ең үздік басқосулардың бірі деп бағалаған.

Соңында Қазақстан Президенті Юрий Пяға алдағы жұмыста табыс пен жаңа жетістіктер тіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети