Назарбаев жұмыс сапарымен Қырғызстанға барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев жұмыс сапарымен Қырғызстанға барды © Akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Қырғызстанға барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Қырғызстанға барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Елбасы жұмыс сапарымен Қырғыз Республикасына келді. Сапар аясында Мемлекет басшысының Президент Атамбаевпен кездесуі, сондай-ақ мемлекеттік шекараның Қазақстан-Қырғыз учаскесінде кедендік бақылауды доғару рәсіміне қатысуы жоспарланған", - деп жазылған Қазақстан Президентінің ресми сайтында.

Еске сала кетейік, Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа кіруіне орай бұл аймақта кедендік бақылау доғарылады.

Осыған дейін Назарбаевтың баспасөз хатшысы Президенттің Қырғызстанға не үшін баратынын айтып берген болатын. "Келіссөздер аясында инвестиция саласындағы серіктестік және өнеркәсіп, жол құрылысы, туризм мен трансшекаралық өзендерді пайдалану бойынша нақты мәселелер қаралады", - деді Абаев.

Ол кездесу барысында екі тарап ЕАЭО шеңберінде Қырғызстанға қолдау көрсету мәселелерін талқылайтынын айтты.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети