11 тамыз 2015 10:56

Назарбаевтың баспасөз хатшысы Президенттің Қырғызстанға не үшін баратынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев. © Президенттің баспасөз қызметі ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев. © Президенттің баспасөз қызметі

Назарбаевтың баспасөз хатшысы Президенттің алдағы Қырғызстанға сапары жөнінде түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Назарбаевтың баспасөз хатшысы Президенттің алдағы Қырғызстанға сапары жөнінде түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дәурен Абаевтың мәлімдеуінше, іссапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен қырғыз әріптесі Алмазбек Атамбаевтың екіжақты кездесуі жоспарланған.

"Келіссөздер шеңберінде инвестиция саласындағы серіктестік пен өнеркәсіп, жол құрылысы, туризм мен трансшекаралық өзендерді пайдалану бойынша нақты мәселелер қаралады", - деді Абаев.

Баспасөз хатшысының ойынша, "қырғыз экономикасының ауыртпалықсыз интеграциясы ЕАЭО-да Қазақстанның ұлттық мүддесі үшін толықтай жауап береді".

Сондай-ақ, Дәурен Абаевтың мәлімдеуінше, Мемлекет басшысы көрші мемлекеттің ЕАЭО-ға кіруіне байланысты қырғыз-қазақ кедендік бақылауын алып тастау шарасына қатысады.

"Қырғызстанның кедендік шекараларын ашу - 20 жылдан артық уақыттан бері Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған интеграциялық бастаманың дамуындағы маңызды кезең. Бұл біз бәріміз күткен шара және Мемлекет басшысы үшін де стратегиялық маңызы бар. Жалпы нарық географиясының кеңеюі бірінші кезекте еліміздің қарапайым халқының амандығына жағымды әсер етуі тиіс", - деді Дәурен Абаев.

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысының айтуынша, кездесу барысында екі тарап ЕАЭО шеңберінде Қырғызстанға қолдау көрсету мәселелерін талқылайды.

"Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің сыртқы саясатын әрдайым Орта Азия аймағының амандығына бағыттайды. Көршілерге қолдау көрсету арқылы біз өзіміздің дамуымызға жайлы жағдай жасаймыз. Сондықтан Қазақстан дайындалу кезеңінде бауырлас халыққа оның бірыңғай нарыққа келуіне көмектесті. Техникалық және әдіснамалық мәселелер бойынша кеңестер өткізілді, қаржылай көмек көрсетілді. Қырғыз экономикасының бұдан кейінгі ауыртпалықсыз интеграциясы ЕАЭО-да Қазақстанның ұлттық мүддесі үшін толықтай жауап береді", - деді ол.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети