Парламенттің төменгі палатасының вице-спикері Дариға Назарбаева көпшіліктің Ауыл шаруашылығы министрлігіне жиі тиіскенімен, сыншыларда нақты ұсыныс жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Парламенттің төменгі палатасының вице-спикері Дариға Назарбаева көпшіліктің Ауыл шаруашылығы министрлігіне жиі тиіскенімен, сыншыларда нақты ұсыныс жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ауыл шаруашылығы министрінің баяндамасында айтылғандай, бізде ауыл шаруашылығы өнімдерін әртараптандыру саласында жұмыс жүргізіліп жатыр, жұпыны, бірақ сонда да нәтижелер бар. Мен кейде министрлікті аяймын, өйткені бәрі жан-жақтан шүйлігеді. Бәрі бірнәрсе істеу керектігін біледі, бірақ нақты шараны ешкім атай алмайды. Бәрі - сарапшы, біздің футбол матчын қараған кезіміз сияқты, егер мен қақпада тұрсам, мен көресіні көрсетер едім дегендей. Бәріміз кәсіпқой болып кетеміз", - деді Дариға Назарбаева Мәжілістегі Үкімет сағатын қорытындылап.
Оның айтуынша, қазіргі ауыл шаруашылығы қалыптасу кезеңін бастан өткеріп жатыр. "Әрине, біз бәрі ойдағыдай тұрғызылуы тиіс уақытқа жеткіміз келеді. Ал бүгінде мемлекет пен кәсіпкерлерге бірнәрсені жоспарлау қиын, егер алдағы астық көлемі жөнінде сенім болмаса, жағдай ауа райына тәуелді болады. Ауа райына тәуелділікті азайту үшін жаңа технологияларды енгізуді және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді ынталандыру керек", - деді ол.
Мұның алдында Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Асылжан Мамытбеков елімізде егін орағының ауа райына байланысты қиындап жатқанын мәлімдеген еді.