16 қыркүйек 2016 16:19

Назарбаева: Мен туралы биліктің мұрагері деп әңгіме айту - спекуляция

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дариға Назарбаева биліктегі мұрагерлік туралы айтылып жүрген болжамдарды спекуляция деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Дариға Назарбаева биліктегі мұрагерлік туралы айтылып жүрген болжамдарды спекуляция деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір Қазақстандағы биліктің кімге берілетіні жайлы әңгімелер көп айтылып жүр", - деді журналистер сенатор Дариға Назарбаеваға жоғары палата отырысынан кейін.

"Бұл қазір ғана айтылып жүрген жоқ. 25 жыл бойы айтылып келе жатыр", - деп нақтылады Назарбаева.

"Сіз өзіңізді мұрагер ретінде көресіз бе?", - деп тағы сұрақ қойды БАҚ өкілдері.

"Мен өзімді Отанына адал еңбек ететін қызметкер ретінде және Президенттің командасындағы азамат ретінде көремін. Себебі қазір айтылып жүрген барлық болжамдар тек спекуляция", - деді Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы.

Айта кетейік, бүгін, 16 қыркүйекте Дариға Назарбаева Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне басшы болып тағайындалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети