Назарбаевқа Nokia компаниясының жаңа құрылғыларын көрсетті

17 Қазан 2018, 23:12
0
Назарбаевқа Nokia компаниясының жаңа құрылғыларын көрсетті -

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Хельсинки қаласында "Nokia" компаниясының таныстырылым алаңында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті компанияның 5G, толықтырылған шынайылық және жасанды интеллект технологияларын пайдалануға негізделген телекоммуникация саласындағы жаңа жетістіктерімен танысты. Кәсіпорындарды, көлікті алыстан басқаруға, хирургиялық оталар жасауға арналған бұл әзірлемелерді басқа да салалар мен бағыттар бойынша қолдануға болады.

"Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қ.Есекеев Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанда 5G технологиясының сынақтан өткізілуі және оны іс жүзінде қолданудың перспективалары жөнінде баяндады.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай