22 сәуір 2017 | 09:49

Назарбаевтан оңбай сын естіген Исекешев таңғы алтыдан елорданың ғимараттарын тексеруге кірісті

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан оңбай сын естіген Астана әкімі Әсет Исекешев бүгін таңғы алтыдан елорданың ғимараттарын тексеруге кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан оңбай сын естіген Астана әкімі Әсет Исекешев бүгін таңғы алтыдан елорданың ғимараттарын тексеруге кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нақтырақ айтқанда, қала басшысы тұрғын үй массивтеріндегі құрылыс нысандарында болып, құрылыс алаңдарындағы санитарлық жағдай мен абаттандыру ережелерінің сақталуын, жуу пунктінен автожолға дейінгі дөңгелек жуу мен жол жабындысын тексеріп шықты. 

Тексеру барысында әкім ведомство жетекшілеріне бір апта ішінде абаттандыру мәселелерін шешуді, абаттандыру мен санитарлық ережелерді сақтамағандарды жиі әрі қатаң жазалауды тапсырды. Әкім қала территориясындағы заңсыз құрылыс қоқыстарын жойып, құрылыс алаңдарында қатты тұрмыстық қалдықтарды қалдырмауды тапсырды.  

Сондай-ақ, әкім қаланың орталық және қосалқы көшелерін, ықшамаудандарды, үш ауданның тұрғын үй массивтерін тексеріп, оның барысында жолдың, тротуарлардың және ғимараттың маңдай бетінің, көшедегі жарықтандыру бағаналарының, жаяу жүргіншілер жолы мен гүлзардың сапасын тексерді. Сонымен қатар, аулааралық өту жолдары, көлік құралдарын қою алаңдары және паркингтердің жағдайы тексерілді. 

Тексеріс барысында қала басшысы қалалық барлық нысанның, көшелердің және аулалардың тазалық пен тәртіптің талаптарына сәйкес болуы керектігін және азаматтар үшін қауіпсіз болуы тиіс екенін атап өтті. Жауапты қызметтердің жетекшілеріне әкім күн сайын барлық қоғамдық нысанның жағдайын тексеріп тұруды тапсырды.  

Мұнымен бірге, шаһар басшысы талаптарды орындамаған басшылар мен жұмысшыларды қатаң жазалайтынын айтып, ескертті. Тиімсіз жұмыс жүргізілгені анықталса, жауапты ұйымдарға ең қатал әкімшілік жаза қолданылатынын айтып өтті Исекешев. 

Еске салайық, кеше Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевті Астана көшелеріндегі құрылыс қоқыстары үшін сөккен еді. "Үйлерді жаппай салуда - талап барлығына бірдей болуы тиіс. Кейбір үй салушылар өз қоқыстарын да шығармайды. Қаланың барлық жерінде қоқыс, қара (Астана әкімі Әсет Исекешевке бағыттай сөйледі - Авт. сөзі), қоқыс орындары көп болып кеткен. Әділбек Жақсыбековтың кезінде мұндай мүлдем болмаған. Қара, Әсет, құрылыс қалдықтары", - деді Нұрсұлтан Назарбаев суреттерді көрсетіп. 

Ал кейін Назарбаев күнделікті таңғы уақытта Астананы аралып шығуға уәде берген еді. 

"Қаланың жақсы мэрі қаланың жақсы мэрі болуы керек. Ол таңғы сағат 5-те тұрып, орынбасарларымен және аппаратпен бірге бүкіл қаланы аралап шығады. Сосын жұмысқа келіп, былай дейді: "Қазір Президент келгенге дейін барлығын тазалап, жуып, ақтап қойыңдар". Енді сен бұл жұмысты істегің келмесе, онда мен EXPO-ға дейін таңертеңгі уақытта қаланы аралып шығып, сосын барып жұмысқа баратын боламын. Бұл барлық қалалар мен облыс орталықтарына қатысты. Қала басшысы қала қожайыны болуы керек, қаланы жақсы көруі керек", - деген еді Мемлекет басшысы EXPO-2017 көрмесінің дайындығына қатысты жиында.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети