10 қараша 2015 | 17:57

Назарбаевтың баспасөз хатшысы ЕАЭО ортақ валютасын құру туралы сұраққа жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәурен Абаев. © akorda.kz Дәурен Абаев. © akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Дәурен Абаев ЕАЭО ортақ валютасын құру туралы мәселенің күн тәртібінде тұрмағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол бұл жөнінде Ақорданың Facebook желісіндегі ресми парақшасында жариялады.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Дәурен Абаев ЕАЭО ортақ валютасын құру туралы мәселенің күн тәртібінде тұрмағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол бұл жөнінде Ақорданың Facebook желісіндегі ресми парақшасында жариялады.

Онлайн-брифинг барысында "Қазақпарат" АА журналистері ТМД істері, еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс жөніндегі Мемлекеттік дума комитетінің төрағасы Леонид Слуцкийдің ЕАЭО ортақ валютасын құру туралы айтқан мәлімдемесіне қатысты Абаевқа сұрақ қойды.

"Бүгінгі таңда ортақ есеп айырысу бірлігі мен ЕАЭО ортақ валютасын құру туралы мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ. Бұл мәселе интеграциялық бірлестік деңгейлерінің ешбірінде талқыланбайды", - деді Абаев. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Леонид Слуцкий Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ортақ валютасы евраз деп аталуы мүмкін деген болжам жасады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети