10 қараша 2015 11:05

Мемдума депутаты ЕАЭО ортақ валютасының қалай аталуы мүмкін екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ортақ валютасы евраз деп аталуы мүмкін - мұндай болжамды ТМД істері, еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс жөніндегі Мемлекеттік дума комитетінің төрағасы Леонид Слуцкий айтты, - деп хабарлайды РИА Новости. Оның сөзіне қарағанда, ЕАЭО елдеріне арналған ортақ есеп айырысу бірлігін жасап шығару жұмыстары оңайшылықпен жүріп жатқан жоқ, бірақ жасалып жатыр.

"Таяуда бізде ортақ есеп айырысу бірлігі болады. Қазір орталық банктер жұмысты жалғастырып жатыр, бірақ ол 2011 жылы ойлағаннан күрделірек болып шықты. Дағдарыс факторы да ықпал етіп отыр. Бірақ жұмыс жүріп жатыр, ол қажет. Сондықтан ерте ме, кеш пе, шығатын шығар. Оны енгізу үшін барлығын істеу өте, өте оңай емес", - деді Слуцкий.

Айта кетейік, бұған дейін Еуразиялық экономикалық комиссия коллегиясының төрағасы Виктор Христенко ортақ валютаға өтуді талқылауды күн тәртібіне қою қажет емес деп мәлімдеді.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети