Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Назарбаевтың баспасөз хатшысы оның тіл туралы сөзіне қатысты пікір білдірді

17 Ақпан 2016, 14:12
2
© Ақорда
© Ақорда

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Президенттің тіл туралы айтқан сөзіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Өз сөзінде Президент шенеуніктердің мемлекеттік қызметтерді көрсете отырып, азаматтардың сұраныс жасаған тілін есепке алуы керек екенін нақты айтты. "Тіл туралы" Заңда "Өтiнiштерге берiлетiн жауаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сiлтеме жасай отырып, мазмұны бойынша негiзделген және дәлелдi, мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш берiлген тiлде болуға, арыз берушiнiң қабылданған шешiмге шағым жасау құқықтарын түсiндiре отырып, оның дәлелiн жоққа шығаратын немесе растайтын нақты деректердi қамтуға тиiс" делінген. Шенеуніктердің заңның бір ғана бөлігін есепке алатын жағдайлары кездеседі. Ел Президенті дәл осындай мемлекеттік қызметкерлерге қарата айтты. Мысал ретінде ол орыс тілінде келіп түсетін өтінішті келтірді, алайда бұл ереже билік өкілдерінің қазақша сөйлейтін азаматтарға жауап бере алмайтын жағдайларына да қатысты. Сондықтан осы тақырыптың айналасындағы алаңдаушылықтың ешқандай негізі жоқ. Мемлекеттік тілдің дамуы - мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі және оған қандай да бір шек қою Қазақстанның ұлттық мүддесіне қайшы", - деп түсіндірді Дәурен Абаев Ақорданың Facebook желісіндегі парақшасында Tengrinews.kz тілшісінің сауалына жауабында.

Айта кетейік, сұрақ былай қойылған болатын: "Мемлекет басшысының кешегі "Тіл туралы" Заңды сақтау жөніндегі мәлімдемесі әлеуметтік желілерде көп талқыланды. Президенттің бір тілде өтініш жолдаған адамдардың мемлекеттік органдардан сол тілде жауап алуы туралы сөзін кейбір азаматтар түсінбей қалды. Мемлекет басшысының не айтқысы келгенін түсіндіріп беріңізші?"

Кеше Алматы қаласын дамыту және 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындық мәселелері жөнінде кеңес кезінде Нұрсұлтан Назарбаев барлық облыс бойынша "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Заңының сақталуын тексеруді тапсырған болатын. "Адам орыс тілінде сауал жолдап, жауапты қазақ тілінде алып жататын жағдайлар туралы қауесеттер жетіп отыр. Прокуратура неге тексермейді? Егер адам орыс тілінде сұраса, жауап та орыс тілінде болуы керек. Президент Әкімшілігіне барлық облыс бойынша тексеруді тапсырамын. Бұлай жасайтындардың барлығын жұмыстан шығару керек", - деді Назарбаев.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай