17 наурыз 2015 | 12:47

Назарбаевтың сайлаудағы ресми қарсыласы пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тұрғын Сыздықов. Скриншот ТengrinewsTV Тұрғын Сыздықов. Скриншот ТengrinewsTV

Қазақстанның коммунистік халық партиясының атынан ұсынылған Тұрғын Сыздықов президенттікке кандидат ретінде тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орталық сайлау комиссиясынан. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның коммунистік халық партиясының атынан ұсынылған Тұрғын Сыздықов президенттікке кандидат ретінде тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орталық сайлау комиссиясынан. 

Сыздықовтың кандидатурасын қолдайтын сайлаушылардан 98 мың 384 рас қол жиналды (заң бойынша 93 мың 12 қолдан кем болмауы керек). Сөйтіп, ол президенттікке ресми түрде үміткер екінші адам атанды. Бүгін Сыздықовқа тиісті куәлік берілді. 

Айта кетейік, президенттікке алғаш ресми кандидат ретінде қазіргі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тіркелген еді. 

Тұрғын Сыздықов алдағы сайлауға қатысты болжамдары туралы сұраққа жауап берді. "Алдыңғы сайлаудағыдан кем емес дауыс жинауымыз керек деп ойлаймын", - деді кандидат. 

Ол сайлауға қатысудың қашан да қисынды екенін айтты. "Қай кезде де о баста сөз болған, кейін іс-әрекетке айналады, қашан да қолдауға ие болып, қарапайым адамдар өмірін жақсарту үшін біздің партияға дауыс берудің маңызды екеніне адамдарды сендіре білу керек", - деді ол. 

Сыздықов өз бағдарламасын әр адамға жеткізуге тырысатынын айтты. 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети