11 наурыз 2015 19:01

Назарбаев Конституция мен конституциялық заң талаптарына сай келеді - ОСК

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Конституция мен сайлау туралы конституциялық заң талаптарына сәйкес келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОСК хатшысы Бақыт Мелдешовқа сілтеме жасап. 


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Конституция мен сайлау туралы конституциялық заң талаптарына сәйкес келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОСК хатшысы Бақыт Мелдешовқа сілтеме жасап. 

Отырыс барысында президенттікке кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың Конституция мен сайлау туралы конституциялық заңның белгіленген талаптарына сәйкестігін бекіту туралы шешім қабылданды. Соған байланысты оған өз жақтастарының қолын жинау үшін қол қою парақтары берілетін болады. Кандидат 93 мыңнан астам қол жинауы тиіс. 

Мұның алдында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі емтиханын сәтті тапсырған болатын. 

Орталық сайлау комиссиясы үміткерлерге қол жинау парақтарын беру мен олардың растығын тексеру уақытын қысқартуға шешім қабылдады. Енді қол қою парақтары кандидаттардың талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен екі күнтізбелік күн ішінде берілетін болды. Бұрын бұл рәсімге бес күн кететін. Сондай-ақ аумақтық сайлау комиссияларының кандидатты қолдайтын қолдардың растығын тексеру мерзімі 10-нан 5 күнтізбелік күнге дейін қысқартылды. Сайлау комиссияларының аталған сайлау рәсімдерін жүзеге асыру мерзімдерін қысқарту туралы шешімді Ортсайлауком "тек кандидаттардың мүдделеріне сай қабылдады және бұл олар үшін ортақ уақыт ресурстарын ұлғайтады".

Бұған дейін Тұрғын Сыздықов президенттікке кандидатқа қойылатын талаптарға сай келген екінші адам атанған еді. Талапқа сай келген бірінші адам Лимана Қойшиева болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети