15 мамыр 2023 14:56

"Не беруге болады, не беруге болмайды?" Министрлік мұғалімдерге сыйлық жасау туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова оқу жылының аяқталуына орай мұғалімдерге берілетін сыйлықтар туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова оқу жылының аяқталуына орай мұғалімдерге берілетін сыйлықтар туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мұғалімдер мен мектеп әкімшілігіне сыйлық ретінде қаражат жинауға тыйым салынған. Не беруге болады, не беруге болмайды?" – деп сұрады журналист ОКҚ-да өткен брифингте.

Сұраққа жауап бере отырып, Каринова сыйлықтарға ресми түрде тыйым салынғанын еске салды.

"Біз білім беру ұйымдарына мектеп пен мұғалімдерге сыйлық беруге тыйым салынғанын ресми түрде айтып, хабардар еттік. Кез келген сыйлыққа тыйым салынады", - деді Шолпан Каринова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети